Ответ:
3 сыныпқа арналған диктанттар.
Сауаттылық диктант.
Аңқау күшік.
Біздің Мойнақ деген күшігіміз бар. Мойнақты шеңберден қарғытып өткізбек болдық. Күшік шеңберден қарғымады. Сонан соң қағазға мысықтың суретін салдық. Оны шеңберге жапсырдық. Мойнақ суретті көрді. Аңқау күшік суретті тірі мысық екен деп, оған оқтай атылды. Сөйтіп, мойнақ шеңберден қарғуды үйренді.
Бақылау диктант.
Күз.
Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азаяды. Күн салқындай бастайды. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Терек пен қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Шық осы айда түседі. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді. Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі.
Тапсырма:
1. Мәтіндегі сөйлем санын цифрмен жақша ішіне жаз.
2. Қыркүйек сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Сауаттылық диктант
Зейінді оқушы.
Шоқан он жасында әскери мектепке оқуға түсті. Мектепке келгенде орыс тілін білмейтін. Ол аз күнде орыс тілін үйренді. Шоқан өт е зейінді оқушы болды. Ол саяхат туралы кітапты қызығып оқыды. Саяхатшы болуды арман етті. Шоқан суретті де жақсы салды. Ол мектепті алтын алқамен бітірді.
Құмырадағы су.
Қорада құмыра тұр. Оның ішінде суы бар. Бір кезде қара қарға құмыраның қасына келіп қонды. Оның су ішкісі келді. Құмыра биік.
Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға жетпеді. Қарға жерде жатқан тастарды көрді. Ол тастарды тұмсығымен тістеп, құмыраға тастай бастады. Су көтерілді. Қарға құмырадан су ішті.
1. Тұмсығымен сөзіне дыбыстық, буындық талдау жаса.
2. Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
3-сыныпқа арналған диктанттар:
1) Диктант
Біздің отбасымыз.
Менің отбасым үлкен. Отбасымызда бес адам бар.Олар: әкем, шешем, ағам, қарындасым және мен. Ағам –студент. Қарындасым төрт жаста. Ол балабақшаға барады. Біз бірге сурет саламыз, ойнаймыз.Мен үшінші сыныпта оқимын. (31сөз)
2) Диктант.
Менің бөлмем.
Бұл менің бөлмем.Оң жақта керует тұр.Сол жақта орындық тұр.Үстелдің үстінде компьютер бар.Бұрышта сөре бар. Еденде әдемі кілем жатыр.Төбеде аспалы шам ілулі тұр.Мен бөлмемді жуамын.Менің бөлмем таза,жылы,әсем.(35 сөз)
3) Диктант.
Қол сағаты.
Мынау қол сағаты.Сағатта бірден он екіге дейін сандар бар.Сағаттың үш тілі бар.Ұзын тілі минутты көрсетеді,бұл -минут тілі .Қысқа тілі сағатты көрсетеді,бұл- сағат тілі.Үшінші тіл –секунд тілі.Адамдарға сағат өте қажет. (35 сөз).
Войдите или зарегистрируйтесь, чтобы добавить ответ или свой вопрос на сайт
Можете помочь нужен рассказ на английском что моя мама работает на валберис
Рассчитай растояние от поверхности земли, на котором сила притяжения, действующая на тело будет 5,5 раз меньшле чем на поверхности земнли. радиус земли прнять равным 6400 помогите!!!!!!!!!!!
Какое количество теплоты потребуется чтобы расплавить 100 г льда взятого при температуре -5 а затем полученую воду нагреть до 20 градусов.
Сколько дров необходимо для того чтобы нагреть 50 л воды в стальном котле массой 10 кг от 15 градусов до 65 градусов? потерями тепла пренебречь.
Какое количество теплоты понадобится для того, чтобы в алюминиевом чайнике массой 700г вскипятьть 2кг воды? начальная температура воды 20 градусов. помогите пожалуйса решить задачу
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.