profile
Опубликовано 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от Oфигенная

Дауысты дыбыстар жактын катысына карай калай жиктеледи?

  1. Ответ
    Ответ дан maudarbekova

    Дауысты дыбыстар

    Айтылғанда, өкпеден ауа ешбір кедергісіз, еркін шығатын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбысы бар. Олар: а, ә, е, э, о, ө, ү, ү, ы, і, и, у.


    Бұлардың ішінде э тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады (электр, элеватор т. б.)

    Дауысты дыбыстар буын құрайды, дауыссыздар буын құрай алмайды.

    Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш жақты жіктеледі.

    1. Тіл катысына (жасалу жолына) қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді.

    Жуан дауыстылар: а, о, ү, ы және бірде жуан, бірде жіңішке и, у.

    Жіңішке дауыстылар ә, е, (э), ө, ү, і және бірде жуан, бірде жіңішке и, у.

    2. Иек (жақ) қатысына немесе жасалу орнына қарай ашық және қысаң болып бөлінеді.

    Ашық дауыстылар: а, ә, е, (э), о, ө.

    Қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у.

    3. Ерін қатысына қарай езулік және еріндік болып бөлінеді.

    Езулік дауыстылар: а, ә, е, (э), ы, і, и.

    Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.


Самые новые вопросы