Перевод текста:
Балаға неге құлақ береді?
Бала кезімде әкеммен бірге қонаққа жиі баратынмын. Ол кездегі ауылдың берекесі ерекше еді ғой.
Жарысқазан, шілдехана, бесікке бөлеу, тұсау кесер, тоқымқағар сияқты той-томалақтардан әжем қалмайтын. Бір ғажабы, қай үйге қонаққа барсам да, ылғи құлақ жейтінмін.
- Әже,- дедім бір күні шыдай алмай.- Маған неге құлақ ұстата береді?
Әжем маған мейірлене қарады: «Ата-бабаның үрдісі солай. Үлкендердің жас балаға құлақ беретін себебі, жақсы сөзге құлағы түрік болсын, айтқанды тыңдап өссін дейді».
Войдите или зарегистрируйтесь, чтобы добавить ответ или свой вопрос на сайт
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.