profile
Опубликовано 4 года назад по предмету Қазақ тiлi от topyshsultan

Коркыт абыз аулие жазып. Беринишси

  1. Ответ
    Ответ дан damettie

    Қорқыт ата– қобыз атасы деп табылады, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. Туған, қайтыс болған жылдарының белгісіздігіңнің өзі оның жәй адам еместігін білдіреді. Өмір сүрген ғасыры да даулы.

         Қорқыт ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер айрықша атап өтіледі. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы.Екіншіден – күйші, қобызды дүниеге ікелген өнерпаздың нақ өзі. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірінен мағұлмат береді.Сондай аңыздардың бірінде анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады.Күн сұрапылданып,төңірек түгілі халық та қорқынышқа бөленген.Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді.Міне,осындай сегіз қыры,бір сыры бар Қорқыт атамыз өз заманында әулие атанып,қоңыр дауысты қобызымен дәуірінен мол мұра берер күй мен жырды тастап кетті.