Перевести на русский
Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжеміз бен атамызға, айналамыздағы ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын, ержеткен сайын, халықтан, мектептен, кітаптан үйреніп, ана тілін тереңірек біле береміз. Ол – біздің өзгелермен ұғысатын қатынас құралымыз.
Әр халық тың жер бетінде жасағаннан бері басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз – ертегілері, шығаратын өлең-жырлары, жазған кітаптары, көргені, білгені, жалпы дүние жайындағы ойы, сезімі, бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады. Ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған.
Войдите или зарегистрируйтесь, чтобы добавить ответ или свой вопрос на сайт